Қырғызстанның оңтүстігінде жер сілкінді

АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Сенбі күні таңертең Қырғызстанның оңтүстігінде күші 5,0 балдық жер сілкінісі тіркелді,

Қырғызстанның оңтүстігінде жер сілкінді

деп хабарлайды елдің төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасай отырып Утро.ру.

«Ұлттық ғылым академиясы сейсмология институтының мәліметінше, таңғы сағат 09:22-де (жергілікті уақытпен 07:22-де) республиканың Тәжікстанмен шекаралас ауданында қуаты 4,5-5,0 балдық жер сілкінісі болды», - деп хабарлаған ведомстводан. Жер асты дүмпулерінің кіндігі Қара-Тейіт ауылынан 22 шақырым жерде және Баткен қаласының оңтүстік шығысынан 115 шақырым жерде орналасқан.

Қаза тапқандар мен қираулар жоқ.