Қырғызстанның оңтүстігіндегі үйлердің құрылысы салқын түскенше аяқталады - Ж.Сатыбалдиев

БІШКЕК-ЖАЛАЛ-АБАД. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қырғыз Республикасы Үкіметінің вице-премьер министрі, Ош және Жалал-Абад қалаларын қалпына келтіру және дамыту мемлекеттік дирекциясының бас директоры Жанторо Сатыбалдиев Жалал-Абад облысында болды.
None
None

Жалал-Абад қаласында, Жалал-Абад облысының Базар-Қорғон және Созақ аудандарында Ж.Сатыбалдиев маусым айындағы қайғылы жағдайлар кезінде зардап шеккен отбасыларға өтпелі және көпқабатты үйлердің құрылыс барысымен танысып қайтты.

Өзінің сапарына түсінік берген Қырғызстан вице-премьер-министрі Жалал-Абад облысындағы құрылыс жұмыстарының қарқынын Ош қаласы мен Ош облысындағымен салыстырғанда «қанағаттанарлық» деп санауға болатынын атап өтті. «Мұны түрлі объективті себептермен түсіндіруге болады. Ең зардап шеккен Ош қаласында құрылыс жасаудан бұрын халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, осының арқасында біраз уақыт жоғалтып алынды», - деп мәлімдеді Ж.Сатыбалдиев.

Оның айтуынша, қазіргі күні Жалал-Абад облысында құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуде қиыншылықтар туындап отыр. «Екі-үш күн ішінде бұл проблема шешіледі», - деп түсіндірді ол. Ж.Сатыбалдиев салқын түскенше республиканың оңтүстігіндегі үйлердің құрылысы аяқталатына, ал 2011 жылдың көктемінде бұл үйлер 100 шаршы метрге дейін одан әрі құрылатынына сенім білдірді.

Сонымен қатар, мемлекеттік дирекцияның бас директоры өзінің қол астындағыларға құрылыс жұмысының қарқынын арттыруға және құрылыс графигін бір немесе екі аптаға дейін қысқартуға тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар