Қырғызстанның оңтүстік аймақтардағы жастары «Біз біргеміз» акциясын өткізді
ШКЕК.11 тамыз. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Ош және Жалал-Абад қалаларын қалпына келтіру және дамыту жөніндегі мемлекеттік дирекциясы, «Қылым Шамы» қоғамдық қоры және Ош қаласының жастар орталығы «Біз біргеміз» акциясын өткізуде.
Шара аясында екі күн бойы әр ұлттың жасөспірімдері осы екі қаланы қалпына келтіру және абаттандыру жобаларына ерікті көмек көрсететін болады. Аталан іс-шара ресми түрде республикадағы Құрылысшылар күніне арналғанымен, оның негізі мақсаты екі этникалық жастар тобын жақындастыруға септесу болып табылады.