Қырғызстанның парламент депутаттарына «билікті жаулап алуға әрекет ету» айыбы тағылып, қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Қырғызстан парламентіндегі «Ата-Жұрт» фракциясының депутаттары Садыр Жапаров, Қамчыбек Тәшиев,
None
None

Талант Маматов пен басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты Қырғызстан Республикасы ҚК-нің 295-бабы (билікті күштеп басып алуға әрекет ету) және ҚР ҚК-нің 297-бабы (билікті құлатуға бұқаралық үндеу жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы «Кабар» агенттігіне К. Тәшиевтің қорғаушысы - Икрамидин Айткулов айтты, деп хабарлады РБК.

Күдіктілер қозғалған қылмыстық іс бойынша барлық жағдайды анықталғанға дейін 48 сағатқа Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу абақтысына қамалады.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Бішкекте С. Жапаров пен К. Тәшиев «Кумтор» алтын-кен орнын ұлттандыру талабымен Ала-Тоо орталық алаңында митинг ұйымдастырды. Ереуіл басталғаннан бірнеше сағаттан кейін К. Тәшиевтің басшылығымен және оның бұйрығымен митингке шыққандар Ақ үйге барып, оның қоршауынан өтпекші болған. Бірақ құқық қорғау органдары арнайы құралдарды қолдана отырып, ереуілге шыққандардың бұл заңсыз әрекеттерінің алдын алды. Бұдан кейін ереуілшілер тарқатылды.

Соңғы жаңалықтар