Қырғызстанның Премьер-министрі өңірлік кедендік қызметтердің бес бастығын жұмыстан шығаруды ұсынды

БІШКЕК. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Мемлекеттік кеден қызметінің (МКҚ) алқа мәжілісінде ҚР Министрлер кабинетінің басшысы Жанторо Сатыбалдиев аталған ведомствоның жұмысын қатаң сынға алды.
None
None

Ол қазіргі күрделі экономикалық жағдайда Қырғызстанның кедендік және салықтық төлемдерден басқа кіріс көздері жоқтығын мәлімдеді. «Сыртқы көмек құралдары үйлестіріліп қойылды, ал әлеуметтік шығындарды сіздердің жиын-терімдеріңізбен жабатын боламыз. Келіспеушіліктер болмас үші мен сізге (авт. - ҚР МКҚ) Экономика министрлігімен жоспарлар мен болжамдарды пысықтауға екі апта беремін. Әйтпесе, бізде әлеуметтік міндеттемелер бойынша төлемдермен проблемалар болады», - деп хабарлады Ж.Сатыбалдиев өткен аптаның соңында өткен кездесуде.

Сондай-ақ қырғызстандық премьер-министр 2013 жылы үкіметке бюджетті секвестрлеуге ешкім рұқсат бермейтінін атап өтті. Осыған байланысты, болжамдық көрсеткіштерге өте мұқият қарау керек.

«Айлық жоспарды орындамайтын бөлім бастықтарына алдымен сөгіс жариялап, кейіннен жұмыстан шығаруды ұсынамын. Бұдан басқа, кедендік қызметтердің бес аймақтық бастығының жауапкершілігін қарастырып, екі аптадан кейін маған олардың жұмыстан шығарылуы туралы хабарлауды сұраймын», - деп атап өтті Ж.Сатыбалдиев.

Соңғы жаңалықтар