Қырғызстанның президенті А. Атамбаевқа ота жасалды
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғыз мемлекеті басшысының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Алмазбек Атамбаев қысқа мерзімді демалыс алып, Мәскеуде ем қабылдап жатыр.
Қырғызстан басшысына тізе буынына ота жасалған. Ота, дәрігерлердің бағалауынша, ойдағыдай өтті. А. Атамбаев көп ұзамай Қырғызстанға оралады деп күтілуде.