Қырғызстанның солтүстiгiнде жер сiлкiнді

АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат - Кеше, 3 қарашада, Қырғызстанның солтүстiгiнде Алматыдан оңтүстiкке қарай 124 шақырым қашықтықта магнитудасы 3,9 баллдық жер сілкісі болды.

Қырғызстанның солтүстiгiнде жер сiлкiнді

Бұл туралы Еуропалық Жерорта теңiзі сейсмикалық орталығы (EMSC) хабарлайды.

Оның мәлiметiне қарағанда, жер сiлкiнісі 1 шақырым тереңдiкте болған. Жер сiлкiнісінің эпицентрі Балықшыдан оңтүстiк-шығысқа қарай 30 шақырым және Алматыдан (Қазақстан) оңтүстiкке қарай 124 шақырым қашықтықта орналасты. Жер асты дүмпуі сағат 17.49-да тіркелді, деп хабарлайды «24.kg» АА.