Қырғызстанның Сыртқы істер министрі НАТО саммитіне қатысады
БІШКЕК. 18 мамыр. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев 20-21 мамыр күндері АҚШ-тың Чикаго қаласында өтетін Солтүстікатлантикалық келісімшарт ұйымының 25-інші саммитіне қатысады.
Шетелдік БАҚ-тардың мәліметтерінше, алдағы саммит ұйым тарихындағы ең үлкені болмақ. Іс-шараға бүкіл әлемнің 60-қа жуық ресми делегациясы қатысады. Халықаралық форумның басты тақырыбы Ауғанстандағы қауіпсіздікке қолғабыс ету халықаралық күштері (ISAF) 2014 жылы аяқтауды жоспарлап отырған - ауған операциясының қорытындыларын шығару болады.