Қырғызстанның сыртқы қарыздары 2,6 млрд. долларды құрайды

АЛМАТЫ. 22 қараша. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Қазіргі уақытта Қырғыстанның бюджетіндегі қаржы тапшылығы 620 млн. АҚШ долларына таяу.

Қырғызстанның  сыртқы қарыздары  2,6 млрд. долларды құрайды

Ал сыртқы қарыздары 2,6 млрд долларды құрайды. Бұл жайлы Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты Равшан Жиендіков өткен аптаның жұма күні Бішкекте «Қазақ журналистер клубымен» болған кездесуде мәлім етті.

«Бүгінде елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмен, 7 сәуір оқиғасынан соң одан әрі әлсірей түсті. Біршама кәсіпорындар қайта ашылғанымен, көбі жұмысын тоқтатқан. Бұндай ауыр жағдайға Қырғыстан өз тарихында бірінші рет ұшырап отыр», - деді ол.

Оның айтуынша, Қырғызстанның ішкі жалпы өнімі 0,6 пайызға құлдыраған. Елдегі орташа жалақы мөлшері 3 мың сом болса, орташа зейнетақы 1500 сомды құрайды. Ал қырғызстандық биснес өкілдерінің орташа айлық табысы 10 мың сом шамасында.