Қырғызстанның уақытша Үкіметіне елдегі ахуалды тұрақтандырып, билікті қолға алып, қажетті істерді қалпына келтіруді тілейміз - Елбасы Н. Назарбаев

АСТАНА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан Қырғызстанның уақытша Үкіметіне елдегі ахуалды тұрақтандырып, билікті қолға алып, қажетті істерді қалпына келтіруді тілейді. Бұл туралы бүгін Ақордада Қырғызстан мәселесіне арналған брифингте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті,

 Қырғызстанның уақытша Үкіметіне елдегі ахуалды тұрақтандырып, билікті қолға алып, қажетті істерді қалпына келтіруді тілейміз - Елбасы Н. Назарбаев

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қырғызстанда тәртіпсіздік пен тонау фактілері орын алғандығына алаңдаушылық білдірген Елбасы, «2005 жылдан кейін экономика бұл елде енді көтеріліп келе жатқан еді. Қазір енді ол қайтадан төмен құлдырады», деді.

Елбасы бүгінде Қырғызстандағы вертикалді билік жергілікті жерлерге әлсіз жетіп жатқанын айта келе, бұл өз кезегінде түрлі ұйымдасқан қылмыстық топтар үшін қолайлы екенін айтты. «Сондықтан, уақытша Үкіметке елдегі ахуалды тұрақтандырып, билікті қолға алып, қажетті істерді қалпына келтіруді тілейміз», деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент бұл елде сауда орындары тоналып, банктер жабылғанын, бизнес жұмыс істей алмай жатқанын айтты. «Бұндай жағдай, өз кезегінде қазынаға кіріс түсірмей жатыр. Яғни, бұл елдегі жағдай көңілді құлазытады», деді Н. Назарбаев.