Қырғызстанның Ыстықкөл облысында сел жүрді

АСТАНА. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Ыстықкөл облысында сел жүрді. Бұл жөнінде Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазды «24.kg» АА.
None
None

ТЖМ мәліметтері бойынша, тамыздың 14-індегі оқиға салдарынан Балыкчы-Каракөл тас жолының 100 - 106 шақырымын ығысқан құм басып қалды. Оқиға орнына қажетті техникалар тартылды. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, жол ашылды.

Бұдан басқа, Баткен облысының Қадамжай ауданындағы Сох өзенінің суы арнасынан асып, бөгетті шайып кеткен. Соның салдарынан Тогорок ауылы мен Бургонду су таратқыш стансасын су басып қалу қаупі күшейді. Оқиға орнына ауыр техникалар тартылып, жедел қалпына келтіру шаралары қолға алынды. Қазір бұл жұмыстар толық аяқталды, аймақты су шайып кету қаупі де сейілді.

Соңғы жаңалықтар