Қырғызстанның Жалал-Абад облысында 3 бала иіс тиіп мерт болды
БІШКЕК. КАБАР – ҚазАқпарат - Қырғызстанның Жалал-Абад облысында 3 бала иіс тиіп, мерт болды, балалардың анасы ауруханада жатыр, деп хабарлады осы елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Қырғызстанның «Кабар» ақпарат агенттігінің министрлік мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлауынша, қайғылы оқиға 13 қарашадан 14 қарашаға қараған түні Созақ ауданы Қызыл ту округі Қызыл-Сеңгір ауылында болған.
Алдын ала мәліметтер бойына, мерт болған балалардың анасының жағдайы ауыр. Балалардың үлкені 6 жаста, ал егіздер 4 жаста болған.