Қырғызстанның Жалалабад облысында орын алған табиғи апаттың зардабы тым ауыр

БІШКЕК. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Осы жылғы сәуірдің 15-інен 16-сына қараған түні Қырғызстанның Жалалабад облысы Ақсый ауданында жердің жыныстық қабаты ығысуы салдарынан ауыр табиғи апат орын алды,

Қырғызстанның Жалалабад облысында орын алған табиғи апаттың зардабы тым ауыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқиға орнынан алынған ақпаратқа қарағанда, Райкомол ауылында болған жер көшкіні бірнеше тұрғын үйді басып қалған. Қырғызстан ТЖМ-інің хабарлауынша, 16 адам апат құрбаны болып, әзірге зіл топырақ астынан 11 адамның жансыз денесі аршып алынды. Оқиға орнындағы іздеу-құтқару шаралары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр.Алдын ала ақпаратқа қарағанда үш тұрғын үй толық қираған. Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің бағалауынша, 160 мың текше метр жер ығысқан, оның ұзындығы ? 200 метр, ені ? 200 метр, ал, биіктігі ? 4 метр.