Қырғызстанның жаңа парламенті 10 қарашада өз жұмысын бастайды

БІШКЕК. 9 қараша. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Сәрсенбі, 10 қараша күні жаңа шақырылған Қырғызстанның Жоғарғы кеңес (парламент) депутаттарына бекітілген үлгідегі белгілер мен куәліктерді тапсыру рәсімі болады.

Қырғызстанның жаңа парламенті 10 қарашада өз жұмысын бастайды

Сол күні сағат 14.00-де республика президенті Роза Отынбаеваның қатысуымен Қырғызстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің бірінші отырысы болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанның жаңа парламентінің алғашқы отырысы 5 қараша күні өтуі керек еді. Алайда бірқатар саяси партиялардың сайлау қорытындыларына қарсылық танытып, шағым білдірулеріне байланысты парламент жұмысының басталуы кейінге шегерілген болатын.

Қырғызстандағы Парламенттік сайлау 10 қазан күні өтіп, онда «Ата-Жұрт», «Қырғызстанның социал-демократиялық партиясы», «Ар-Намыс», «Республика» және «Атамекен» партиялары жеңіске жеткен.