Қырғызстанның жаңа парламентінің бірінші отырысы өтті

БІШКЕК. 10 қараша. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Бүгін Бішкекте Жоғарғы Кеңес ұлттық парламентінің бірінші отырысы болып өтті.

Қырғызстанның жаңа парламентінің бірінші отырысы өтті

Бесінші шақырылымдағы парламент отырысына Қырғызстан Президенті Роза Отынбаева мен үкіметтің барлық мүшелері қатысты. Іс-шара басында депутаттар 7 сәуірдегі оқиғаларда көз жұмған құрбандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Отырысты «Атамекен» партиясының өкілі Тасболат Балтабаев ашты. Содан кейін бес парламенттік фракция мүшелері Қырғызстан Конституциясына ант берді. Ел Конституциясына сай депутаттардың қызметі ант қабылдаған сәттен басталады.

Алайда бірқатар саяси қарама-қайшылықтарға байланысты Жоғарғы Кеңес отырысына бір партияның бірнеше мүшелері қатыспады.

Президент Роза Отынбаева депутаттарды жұмыстың басталуымен құттықтап, олардан 27 қарашаға дейін коалициялық үкіметті құруды сұрады.