13:22, 16 Қараша 2011 | GMT +5
Қырғызстанның жаңадан сайланған президентін ұлықтау күні белгілі болды
ШКЕК. 16 қараша. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қырғыз Республикасының Президенті Роза Отынбаева ҚР сайлаулар мен референдумдар өткізу жөніндегі орталық комиссиясының президенттік сайлаудың ресми қорытындыларын жариялауына байланысты
Қырғыз Республикасының жаңадан сайланған президенті Алмазбек Атамбаевтың ресми қызметіне кірісу күнін 2011 жылғы 1 желтоқсанға белгілеу туралы жарлыққа қол қойды.
Осыған байланысты Қырғыз Республикасы президентінің қызметіне кірісуіне орай шараларды әзірлеу және өткізу жөнінде ұйымдастыру комитеті құрылады. Ұлықтау салтанатына алыс және таяу шетелдерден жоғары мәртебелі қонақтар шақыру жоспарлануда.