Қыркүйек айынан бастап отандық спортшылар Азиадаға қатыстырылатын нысандарда тестілік жарыстар өткізеді - Т.Досмұхамбетов

«Қазіргі уақытта 7-ші қысқы Азия ойындарына Қазақстан Республикасы ұлттық құрамаларының дайындықтары бұқаралық дене шынықтыру, сауықтыру, негізгі республикалық және халықаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес жүргізілуде. Ал үстіміздегі қыркүйек айынан бастап нысандарды сынау үшін және спортшыларымыздың дайындық деңгейлерін байқау үшін нысандарда спорт түрлері бойынша тестілік жарыстар өткізіледі», - дейді министр.
Т.Досмұхамбетов атап көрсеткендей, Азиадада Қазақстан намысын: 2010 жылы Ванкуверде өткен ХХІ қысқы Олимпиада ойындарының күміс медаль иегері биатлоншы Елена Хрусталева сондай-ақ, Денис Кенешев, Алексей Полтаранин, Николай Чебатько, Оксана Яцкая, Светлана Малахова, Елена Коломина, Ян Савицкий, Дмитрий Рейхерд, Дмитрий Бармашов, Екатерина Айдова, Наталья Рыбакова, Дмитрий Бабенко, Алексей Бондарчук, Роман Креч, Денис Кузин, Александр Жигин, Николай Карпенко, Алексей Королев, Радик Жапаров, Денис Тен, Абзал Рақымғалиев, Виктория Кучеренко мен Виктор Адонев, Жібек Арапбаева, Ольга Новикова, Айдар Бекжанов, Артур Сұлтанғалиев, Абзал Ажғалиев қорғайтын болады.
Спорттың 11 түрі бойынша өтетін Ақ Азиадаға жалпы 225 қазақстандық спортшы қатысады.