12:44, 12 Қазан 2012 | GMT +5
Қыркүйек айында 95,6 мың адам жұмысқа қабылданып, 88,9 мыңы - шығарылды
АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Жедел ақпараттарға қарағанда, Қазақстанның ірі және орта кәсіпорындары мен ұйымдарында 2012 жылдың қыркүйегінде 95,6 мың адам еңбекке қабылданса,

әртүрлі себептерге орай 88,9 мың адам жұмыстан шықты. Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Қазақстандағы ірі және орта кәсіпорындардағы жұмыс күшінің қозғалысына арналған мәліметтерге орай, жұмыстан шығып қалған қызметкерлердің арасында өз еркімен босағандар 83,4 пайызды құрайды. Ал персоналдар санының қысқаруына байланысты жұмыстан кеткендер 1,2 пайызды құраса, басқа себеппен жұмыстан босағандар 15,4 пайызды құрайды.