Қыркүйек айында инфляция 0,6 пайызды құрады - Статистика агенттігі

АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Елімізде 2010 жылдың қыркүйек айындағы инфляция деңгейі 0,6 пайызды құрады.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, өткен айда баға азық-түлік тауарларына - 0,4 пайыз, азық-түлік емес тауарларына - 0,5, ақылы қызмет көрсетулерге 0,8 пайызға өскен. Атап айтқанда есепті кезеңде бағаның өсуі нан және жарма өнімдеріне - 0,9, ал қарақұмық жармасына - 8,5, ұнға - 3,6, күрішке - 0,5, нанға 0,2 пайызға белгіленді. Баға деңгейі өсімдік майына - 5,9, сүт өнімдеріне, жұмыртқаға - 1,1, ет және құс етіне - 0,9, кофе, шай және какаоға - 0,6, балық және теңіз өнімдеріне 0,4 пайызға жоғарылаған. Сонымен бір мезгілде, бағаның төмендеуі картопқа 4,4, жаңадан жиналған жемістер мен көкөністерге 3,6 пайызға тіркелген.

Бұлардан бөлек, баға деңгейі білім беру қызметтеріне 5,9, жолаушылардың жергілікті автобус көлігіне - 2,9, медицина қызметтеріне 0,3 пайызға жоғарылап, ал жолаушылардың темір жол көлігі 1 пайызға төмендеді.

Тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетулер саласында тарифтер ыстық суға 1, бөлінетін желілер бойынша тасымалданатын газға 0,4 пайызға өскен, ал суық суға - 0,6, кәрізге 0,1 пайызға төмендеуі тіркелген.

Соңғы жаңалықтар