16:46, 21 Қазан 2015 | GMT +5
Қыркүйек айында ішкі валюта нарығындағы операциялар көлемі алдын ала деректер бойынша 4,1 млрд. АҚШ долларын құрады - ҚР Ұлттық банкі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы қыркүйектің соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 1 АҚШ доллары үшін 270,40 теңге болды.

Қазақстан қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі қосымша сауда-саттықтағы мәмілелерді есептегенде 3,7 млрд. АҚШ долларын құрады. Биржадан тыс валюта нарығында операциялар көлемі төмендеп, алдын ала деректер бойынша 0,4 млрд. АҚШ долларын құрады. Тұтастай алғанда, ішкі валюта нарығындағы операциялар көлемі алдын ала деректер бойынша 4,1 млрд. АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.