Қыркүйекте 6 бірдей магниттік дауыл болады
АСТАНА. 3 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қыркүйекте күннің тұтануынан дүниежүзінде 6 магниттік дауыл болады. Геомагниттік дауылдар қыркүйектің 7, 13, 14, 15, 17 және 27-не келеді, деп хабарлайды утро. ру.
Дәрігерлер бұл күндері адамдарға денсаулықтарына немқұрайлы қарамауға шақырады. Майлы, ауыр тамақтан бас тартып, бұқтырылған көкөністер, банан жеп, айран, көк шай ішкен абзал. Ауыр физикалық жұмысты қою тұру керек.
Жүрек-тамыр ауруларымен ауыратындарға дәрі-дәрмегін уақытылы ішіп, мөлшерін не азайтпай, не көбейтпей бұрынғыша қабылдай берген дұрыс.