Қыркүйекте еліміздегі инфляция 0,5 пайызды құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,5 пайызды құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Қыркүйекте еліміздегі инфляция 0,5 пайызды құрады

Атап айтқанда, баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,3 пайыз, азық-түлік емес тауарларына - 0,5 пайыз, ақылы қызметтерге - 0,7 пайызға өсті. Сонымен қатар, өткен айда республика бойынша орташа баға өсімі қиярға 22,9 пайыз, лимонға - 17,2 пайыз, тауықтың сирағына - 5 пайыз,, тауыққа - 4,3 пайыз, күрішке - 3,1 пайыз,, ұнға - 2 пайыз, шикі сүтке - 1,6 пайыз, өсімдік-сары майға - 1,2 пайызға, жаңа ауланған балыққа, қышқыл сүт өнімдеріне, сүзбеге - 1 пайыз, сөкке, шұжық, ет өнімдеріне - 0,9 пайыз, нанға, кондитерлік өнімдерге - 0,8 пайыздан, макарон өнімдеріне - 0,7 пайызға белгіленді.

Ал бағаның төмендеуі жүзімге 11,1 пайыз, картопқа - 10,7 пайыз, жаңадан жиналған көкөністерге - 8,7 пайыз, алмұртқа - 4,7 пайыз, қантқа - 1,1 пайыз, қарақұмық жармаға - 0,6 пайызға тіркелген.

Бұдан бөлек, бағалар деңгейі жуғыш және тазалағыш құралдарға 0,8 пайызға, киім және аяқ киімдерге, фармацевтикалық өнімдерге, жеке пайдалануға арналған тауарларға - 0,6 пайыздан, қатты отынға - 0,4 пайызға өсті.

Баға деңгейі автомобиль жолаушылар көлігі қызметтеріне 3,2 пайыз, білім беру - 2,4%- пайызға, денсаулық сақтау, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтерге - 1,4 пайыздан, мейрамханалар мен қонақ үйлер - 0,6 пайызға жоғарыла,ан. Ал алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлік қызметтеріне - 3,8 пайыз, жолаушылар әуе көлігіне - 1,8 пайызға төмендеді. Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер тарату желілері бойынша тасымалданатын газға, қоқыс жинауға 0,8 пайыздан, ыстық суға - 0,6 пайыз, суық суға - 0,2 пайыз қымбаттаған.