Қыркүйекте еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрады

АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Республика экономикасында 2013 жылғы қыркүйекте бағалау бойынша, 8,6 млн. адам жұмыспен қамтылды. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Статистка агенттігінң төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

Қыркүйекте еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрады
Оның атап өтуінше, өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 72,0 мың адамға немесе 0,8 пайызға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 6,0 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 69,5%) құрады.

2013 жылғы қыркүйекте жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 468,5 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2013 жылғы қыркүйек айының соңына 51,7 мың адам («Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысатындар құрамына енгізілген тұлғалардың есебінсіз) ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,6 пайызын құрады (2012 жылғы қыркүйекте - 0,6%).