Қыркүйекте «Эйр Астана» жолаушыларына жылдамдығы жоғары интернет ұсынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Отандық «Эйр Астана» әуе компаниясының бортында қыркүйектен бастап кең жолақты ғаламторға қол жеткізуге болады. Бұл туралы компания Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.
«Жақын арада «Эйр Астана» ұшақтарының бортында жеке компьютерлер, планшеттер және смартфондар арқылы ғаламторға қол жеткізуге болады. Біз авиациялық көліктегі провайдер Rockwell Collins компаниясымен келісімшартқа қол қойдық. Оның көмегімен 2016 жылдың қыркүйегінен бастап «Боинг-767» ұшақтарында жылдамдығы жоғары Inmarsat Global Xpress (GX) жүйесі орнатылады», - деп жазады отандық авиатасымалдаушы.
Осылайша әуе компания интернетке жылдам және сенімді түрде қол жеткізуге мүмкіндік беретін кең жолақты GX жүйесін енгізген әлемдегі алғашқы компаниялардың бірі болмақ.