Қыркүйекте Германияға 83 мыңнан астам заңсыз мигрант келген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қыркүйек айының басынан бері Германияға Австрия шекарасы арқылы өтіп келген босқындар саны 83 мың адамға жетті, деп хабарлады дүйсенбі күні РИА Новости агенттігіне федералдық полицияның өкілі.

Қыркүйекте Германияға 83 мыңнан астам заңсыз мигрант келген

Германияда бұл ведомство шекаралық бақылаумен айналысады.

«Федералдық полиция ай басынан бері герман-австриялық шекара арқылы 83 мыңнан астам мигрант өткенін анықтаған, соның ішінде 30 мыңы - тек өткен аптада тіркелді», - деді өкіл.

2015 жылдың басынан бері Еуроодақ аумағына 500-ге жуық мигрант келді, күн сайын олардың қатары жаңа келген мыңдаған адаммен толып отыр. Еурокомиссия әлемдегі қазіргі миграциялық дағдарыс Екінші дүниежүзілік соғыс уақытынан бері ең ірі болып табылатынын мәлімдеді. Фото: © AFP 2015/ Patrick Pleul