Қыркүйекте күн жылы болады – синоптиктер

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК директоры Данара Әлімбаева алдағы қыркүйек айында елімізде күн жылы болатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қыркүйекте күн жылы болады – синоптиктер

«Алдын ала жасалған болжамға сәйкес, елімізде қыркүйекте күн жылы болады. Еліміздің басым бөлігінде, Қазақстанның солтүстігінде, батыста, оңтүстік-батыста жауын-шашын қалыптан аз болатыны күтілуде. Қыркүйекке қатысты толыққанды болжам 15 тамызда жарияланады», - деді Данара Әлімбаева ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек бұған дейін Данара Әлімбаева алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатынына қатысты болжамымен бөліскен болатын. Сондай-ақ ол тамыз айының ауа райы болжамын жариялады.