Қыркүйекте күнкөрістің ең төменгі деңгейі 20321 теңгені құрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың қыркүйек айында елімізде күнкөрістің ең төменгі деңгейі 20321 теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі негізгі тұтынылатын азық-түліктің ең төменгі нормасымен есептелінеді. 2014 жылдың қыркүйегінде ол өткен аймен салыстырғанда 2 пайызға кеміп, 2013 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 8,1 пайызға өсті», - делінген хабарламада.
Тұтынылатын азық-түліктер құрылымында балық 20,6, жеміс-жидектер мен көкөністер - 15,1, сүт, май және жұмыртқа - 15, нан және жарма өнімдері - 7,2, қант, шай және қоспалар 2,1 пайызды құрайды.