Қыркүйекте мерзімді төленбеген несиелер банктердің қарыз қоржынының 33,9 пайызын құрады
АЛМАТЫ. 26 қараша. ҚазАқпарат - Қыркүйекте банк секторында мерзімді төленбеген несиелер көлемі 0,4 пайызға өсті. «Ranking.kz» талдау қызметінің мәліметіне қарағанда, күздің алғашқы айында екінші деңгейлі банктердің қарыз қоржынында оның үлесі 33,9 пайызды құраған.
Нашар несиелердің жалпы сомасы 4,3 триллион теңге болып отыр. Ал экономи кадағы банктік қарыздардың жалпы көлемі 12,7 триллион теңгеге жеткен. Ең күрделі қоржындар - БТА банкі, Нұрбанк және Альянс банкте. Атап айтқанда жалпы берілген қарыздардағы мерзімді өтелмеген несиелердің үлесі БТА банкте - 83,2 пайыз, Нұрбанкте - 54,4 пайыз, Альянс банкте - 54,2 пайыз. Жалпы, қыркүйек айында мерзімді өтелмеген несиелер өсімі 25 банкте көрініс тапқан.