Қыркүйекте тұмауға қарсы 1,5 млн. вакцина ауруханаларға жеткізіледі

Бірыңғай дистрибьютор басқарма төрағасы Максим Касаткиннің айтуынша, вакцинаның мұндай көлемін жеткізуге қатысты шарт тендер қорытындылары бойынша 2016 жылдың қараша айында жасалып қойған. Халықтың неғұрлым осал тобына тегін вакцинация жасау үшін мемлекет 1,2 млрд. теңгеден аса қаражат жұмсады.
«Вакциналар өткен жылдың күзінде сатып алынған, алайда жеткізу эпидемиялық маусымның ең басына, яғни 2017 жылдың қыркүйегіне жоспарланған. Қазір осы мезгіл жетті және жақын арада өнім беруші бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына вакцинаны түсіру жұмыстарын бастайды», - деп түсіндірді Максим Касаткин.
Ол, сонымен қатар, егер қосымша қажеттіліктер туындаған жағдайда өнім беруші қазақстандықтар үшін тағы да жарты миллион дозаға дейін вакцина жеткізе алатынын хабарлады.
Айта кету керек, біздің елімізде тұмау вирусынан халықты вакцинациялау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Вакцинациямен қамту арқасында Қазақстанда ЖРВИ және тұмау аурушаңдығы 2006 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде үш жарым еседен астамға төмендеді.