Қыркүйекте үй бағасы біршама өсті

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -2011 жылғы қыркүйекте еліміздегі тұрғын үй нарығындағы бағаның өсуі байқалды.

Қыркүйекте үй бағасы біршама өсті

Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, келтірілген деректерге қарағанда, 2011 жылғы қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда, жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 0,3 пайызға, көркейтілген тұрғын үйлерді алып- сату - 0,2 пайызға көтерілген. Бұдан бөлек, аталған үйлердің бағасы да 0,1 пайызға өсті. Ал көркейтілмеген тұрғын үйлерді алып- сату бағасы 0,3 пайызға жоғары болды.