Қыркүйекте жұмысқа 100 мыңнан астам адам қабылданды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы қыркүйекте деректерге сәйкес ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 111,0 мың адам қабылданды, түрлі себептермен - 96,4 мың адам жұмыстан кетті.
«Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында тұрақтамау себептері бойынша жұмыстан босатылғандар 81,7 пайызды, қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты - 1,4, басқа себептер бойынша 16,9 пайызды құрады»,- делінген ҚР Ұлттық Экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінде.
Ағымдағы жылғы қыркүйекте жұмысқа қабылдау бойынша айналым коэффициенті 3,3 пайызды, жұмыстан босату бойынша айналым коэффициенті - 2,9, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті 2,4 пайызды қамтыды. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 115,2 пайызды құрады.