14:35, 03 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Қыркүйектің 15-інде елордада экологиялық айлық басталады
АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат - Күзгі маусым Астанада қыркүйектің 15-і мен қазанның 15-і аралығында өтетін экологиялық айлықпен басталады,
деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«Қаланың коммуналдық қызметтері осы аралықта қала көшелеріндегі жарықтарды ауыстырады, инфрақұрылымдарды жөндейді, қоқыс тастайтын алаңдарды абаттандырады, басқа да жұмыстар атқарады», деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Ал қыркүйектің 26-сында бұқаралық сенбілік өтеді. Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов сондай-ақ, әкімнің орынбасары Василий Крыловтың жетекшілігімен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы өкімге қол қойды. Бұл комиссия ұжымдары еңбек десантына атсалысатын ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың жұмыстарын үйлестірумен айналысатын болады.