Қыркүйектің 24-інде Үкімет үйінде ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтеді
АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат - Қыркүйектің 24-інде Астанада, Үкімет үйінде ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтеді,
деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Оның жұмысына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Парламентінің депутаттары, Астана қаласы және Маңғыстау облысы әкімдерінің орынбасарлары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және басқалар қатысады деп күтілуде.
Отырыста Астана қаласында және Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік стратегиясын және БҰҰ-ның әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрлерін жою туралы конвенциясының қағидаттарын жүзеге асыруда атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәселелер қаралады.