Қыркүйектің 26-сында Астанада жалпықалалық сенбілік өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша экологиялық акцияларды өткізу елорда үшін жақсы үрдіске айналды. Қыркүйектің 15-і мен қазанның 15-і аралығында өтетін экологиялық айлық барысында коммуналдық қызметтер көше жарықтандырғыштарын ауыстыру, инфрақұрылымды жөндеу, қоқыс жинайтын алаңдарды жақсарту және басқа да осы сынды жұмыстарды атқаратын болады. Ал қыркүйектің 26-сы күнгі сенбілікке туған қаланың тазалығы мен гүлденуіне өз үлестерін қосу үшін елорданың әрбір тұрғыны қатысады.
Осы орайда Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың қызметін үйлестіру бойынша қала әкімінің орынбасары Василий Крыловтың басшылығымен жұмыс жасайтын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссия құру туралы өкімге қол қойды.