Қыркүйектің 3-нен бастап еліміздің кинотеатрларында «Біржан сал» фильмі көрсетіле бастайды

АЛМАТЫ. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Қыркүйектің 3-нен бастап еліміздің кинотеатрларында Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Біржан сал» атты жаңа кинотуындысы көрсетіле бастайды,

Қыркүйектің 3-нен бастап еліміздің кинотеатрларында «Біржан сал» фильмі көрсетіле бастайды

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біржан сал» көркем фильмі аты аңызға айналған  әнші және сазгер Біржан Қожағұлұлының өмірі туралы баяндайды.

Картинаның авторлары  мұрағат материалдарын жете зерттеулердің нәтижесінде ХІХ ғасырға тән тұрмыс көрінісін, кейіпкерлердің сөз ерекшеліктері мен  мінез-құлықтарын ашып, сол кездегі өмірді  айқын көрсете білген.

 Фильм Біржан салдың кіндік қаны тамған жері - Көкшетау облысында түсірілген.Музыкасын  Төлеген Мұхамеджанов, сценарийін  Таласбек Әсемқұлов жазған. Қоюшы-режиссерлары Досхан   Жолжақсынов, Рымбек Әлпиев. Рөлдерді Д. Жолжақсынов, Аша Матай, С. Оразбаев, К. Төлегенов, Б. Әбділманов,  Г. Тұтова және тағы басқа белгілі актерлер сомдаған. Фильмнің тұсаукесері мен шығармашылық ұжымымен кездесу Алматыда қыркүйектің 3-і күні «Алатау» кинотеатрында өтеді.Сондай-ақ 5 қыркүйекте Астанада, 7 қыркүйекте  Көкшетауда, 9 қыркүйекте Қарағандыда, 11 қыркүйекте Семейде, 15 қыркүйекте  Шымкентте тұсаукесер рәсімі өткізіледі.