Қыркүйектің алғашқы күндері республиканың басым бөлігінде күн жылы болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 1-3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
«Ресейдің Еуропалық бөлігінен жеткен антициклонға байланысты облыстардың басым бөлігінде жылы, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда батыс өңірлерде таяу күндері Поволжьеден суық атмосфералық ағын мен жауын-шашынның келуіне орай күн қысқа мерзімді суытады, ағынның шығысқа қарай жылысуына қарай бұл жерде күн қайта жылынады», - деп жазылған хабарламада.