Қыркүйектің соңынан бастап Алматы-Павлодар бағытында «Тальго» пойызы қатынайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қыркүйек айының соңынан бастап Алматы-Павлодар-Алматы бағыты бойынша «Тальго» пойызы қатынайды. Бұл туралы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған қор «Тұлпар» зауытынан жолаушылар тасымалына арналған 62 тальго вагонын сатып алу үшін қаржы бөлген.
«Вагондарды сатып алу және оларды лизингке беру инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылды. Жаңа вагондар жылжымалы сатылармен, жиналмалы үстелдермен, температураны жеке реттеуге арналған құрылғылармен жабдықталған. Ол Алматы-Павлодар-Алматы бағыты бойынша қатынайды. Жоспарға сәйкес, сатып алынған «Тальго» вагондары жылына 290 мың жолаушыны тасымалдауға қауқарлы. Оларға қызмет көрсету үшін қосымша 228 жұмыскер қызметке алынады», - деп мәлім етті қордың баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, қыркүйек айынан бстап Ұлытау облысына «Тальго» пойызы қатынайды .