Қырымбек Көшербаев пен Дүйсен Қасейінов екі сәбидің тұсауын кесті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Бүгінгі Наурыз мерекеде қаладағы орталық алаңда 30 киіз үй мен 6 шатыр тігіліп, Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне билет сатып алуға болатын көрме павильоны ұйымдастырылды,-деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

 Қырымбек Көшербаев пен Дүйсен Қасейінов екі сәбидің  тұсауын кесті

null  

Орталық алаңда әртүрлі спорттық ойындар мен жарыстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ Наурыз көже дайындау сайысы өткізіліп, аспаздар басты мерекелік тағамды әзірлеу бойынша шеберліктерін сынға салды. Олардың өнеріне   көрермендер мен жалпыхалықтық серуенге келгендер қазылық етті.

null  

Барлық қала тұрғындары мен қонақтарына облыс әкімдігінің шақыруымен «ТҮРКСОЙ»  түркі мәдениетінің халықаралық ұйымының өкілдері өнер көрсетіп, бауырлас 11 халықтың әндері мен билері орындалды. 

null  

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев орталық алаңға жиналғандардың  барлығын  Наурыз мерекесімен құттықтап, бақыт,  бірлік пен береке тіледі.

null  

- Былтыр біз Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық  мерейтойын атап өттік. Жылды жемісті қорытындыладық. Мерейлі жылы Сыр елі орасан зор жетістіктерге қол жеткізді. Өңдеу өнеркәсібін дамыту және тұрғын үй құрылысының қарқыны бойынша облыс республика аймақтарының арасында көшбасшылар қатарында. Төртінші жыл қатарынан күріштен рекордтық өнім жинап, күрішшілерімізді Елбасы арнайы құттықтады,- деді Қырымбек Көшербаев.

null  

Сондай-ақ, қызылордалықтарды  мерекелерімен «ТҮРКСОЙ» ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов құттықтады. Мерекелеу барысында  Қырымбек Көшербаев пен Дүйсен Қасейінов екі сәбидің  тұсауын кесті. 

null null null