Қырымда 100 шақты дельфин мұзға қысылып қалған

АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Қырымда Новоотрадное ауданы маңында Азов мемлекеттік балықтарды қорғау аумақтық бөлімінің қызметкерлері азовка түріне жататын 100 шақты дельфинді анықтады.

Қырымда 100 шақты дельфин мұзға қысылып қалған

Олар теңіз жағасы мен ұзындығы 200, ені 6 метр мұздың арасында қысылып қалған. Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлады.

 Қырым аумақтық бөлімінің жетекші ихтиологы А. Матвеев украиналық "Керчь.ФМ" радиостансасында мәлім еткендей, дельфиндерді құтқару үшін арнайы техника қажет. «Егерде ешқандай шара қолданбаса, дельфиндер өліп қалады», -деді маман.

 Болған оқиға жайлы табиғатты қорғау прокуратурасы мен экологиялық инспекцияға хабарланды.