Қырымда гидроплан апатқа ұшырады

СИМФЕРОПОЛЬ. Шілденің 30-ы. ҚазАқпарат - Кеше Қырымда жерүсті қызметтеріне алдын ала хабарламай ұшуды орындаған жеңіл моторлы гидроұшақ апатқа ұшырады,

Қырымда гидроплан апатқа ұшырады

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Белгісіз себептер бойынша ұшақ жағалаудан жеті жүз метр қашықтықта суға құлаған және Массандра аумағында суға батып кеткен.

Ұшақ ұшқышы апат орнында опат болды және жолаушы аман қалып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Бұл адамдардың кім екендігі туралы әзірге ешқандай ақпарат жоқ.