Қырымда Түркі жастары халықаралық бірлестігінің құрылтайы өтуде
АСТАНА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат - Кеше Ялтада (Қырым автономиялық республикасы) ашылған Түркі жастары халықаралық бірлестігінің XIV құрылтайына қатысу үшін Украина, Ресей, Қазақстан, Болгария, Австралия, Македония, Румыния, Түркия, Голландия және басқа да елдердің 200-ге жуық делегаты тіркелді,
деп хабарлады Қырым-татар халық мәжілісінің баспасөз қызметінен.
Мәжіліс басшысы Мұстафа Жемилов, құрылтай делегаттары өз проблемаларын талқылау және оларды шешудің жолдарын бірлесіп іздестіру үшін жиналып отыр. Оның айтуынша, жастар форумның басты міндеті - түркі халықтарының достастық қарым-қатынастарына қолдау көрсету, жастардың мәдени бірігуі және біртұтас түркі халқы отбасының мүшелерін өзара қолдау.
Тамыздың 14-іне дейін созылатын құрылтайдың күнтәртібіне Шығыс Түркістандағы ұйғырлардың проблемасы (Қытай), Ресей мен Ирандағы түркі халықтарының жағдайы, сондай-ақ қырым татарларының көші-қон және қоныс тебу мәселелері шығарылып отыр.
Алғашында татар, одан кейін түркі жастарының басын біріктіру идеясы 1992 жылы туындаған болатын. Идея авторы - Татарстандағы «Азатлык» Жастар одағы. Түркі жастарының съездері бұған дейін Ресей, Әзірбайжан, Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Румыния, Македония Украинаның Қырым Автономиялық Республикасында өткен.