13:15, 04 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Қырымда уланған балалардың саны 78-ге жетті
АСТАНА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат - Қырымда тамақтан уланып ауруханаға түскен балалардың саны 78-ге жетті. Барлық аурулар - Джанкой қаласындағы үш балабақшаның тәрбиеленушілері, деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Тілшінің хабарлауынша, барлық үш балабақша да азық-түлікті бір базадан алған. Қазір Джанкойда Қырымның бірнеше аймағынан келген дәрігерлер бригадалары жұмыс істеуде, бүгін оған Украинаның денсаулық сақтау министрі Василий Князевич келеді.
Президент Виктор Ющенко елдің бас прокурорына жаппай уланудың себебін анықтау үшін шұғыл тергеуді ұйымдастыруды тапсырды.