13:26, 17 Наурыз 2014 | GMT +5
Қырымның Ресейге қосылуын референдумға қатысушылардың 95,7% қолдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырым статусы туралы референдумға қатысқан сайлаушылардың 96% пайызға жуығы автономияның Ресей құрамына енуіне дауыс берді, деп хабарлады РИА Новости референдумды өткізу бойынша комиссияның басшысы Михаил Малышевқа сілтеме жасап.
"Сайлау учаскелерінің төрттен үш бөлігіндегі дауыстарды санағанда Ресейге қосылуды сайлаушылардың 95,7% құптағаны белгілі болды ", - деді Малышев.
Жексенбі күні Қырымда автономияның статусы жөніндегы референдум өтті. Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров бұдан бұрын Қырымдағы референдумның БҰҰ жарғысына сәйкес екендігін, оның шешімі Қырымның болашағын айқындайтындығын мәлімдеген болатын.