«Қыс-2013» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың екінші күні қысқы кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу жайы пысықталды

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін орталық мемлекеттік органдардың жедел топтар басшылары, облыстар, Астана және Алматы қалалары ТЖ жөніндегі комиссия төрағалары Қыс-2013» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың екінші күнінде бағынысты күштердің міндеттерін қою бойынша жұмыс жүргізді.

«Қыс-2013» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың екінші күні қысқы кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу жайы пысықталды

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Астана қаласында «Қыс-2013» оқу-жаттығуы аясында қаладағы шұғыл қызметтер, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың құтқару және басқа кезек күттірмейтін жұмыстары, зардап шеккен адамдарды құтқару, эвакуациялау және оларға медициналық көмек көрсету бойынша іс-әрекеттері практикада пысықталды. Оқу-жаттығуға ҚР ТЖ министрі В.К. Божко, әкім орынбасары В.Л. Крылов, ТЖМ басшылығы мен жауапты қызметкерлері қатысты.

Сағат 10.00-де Астана қаласының шұғыл ден қою жасағы қаралды. ТЖ министрі мен Астана әкімінің орынбасары қалалық қызметтерге нақты міндеттерді жүктеді, олардың қысқы кезеңдегі ТЖ-ны жоюға әзірліктерін тексерді. Одан әрі электр энергетикалық желілерде болған аварияны жою, биік ғимараттардағы өртті сөндіру, зардап шеккен адамдарды эвакуациялау және орналастыру бойынша іс-әрекеттері пысықталды. ҚР ТЖМ 2 тікұшағы жұмылдырылды, олар жағдайды барлау, құтқарушыларды десанттау және зардап шеккен адамдарды медициналық мекемелерге тасымалдау жұмысын жүргізді. Сондай-ақ ғимараттың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша көпмақсатты өрт сөндіру автомобильінің мүмкіндіктері көрсетілді. Оған қысымы 100 Вт 500 электр шамына және компьютерлердің орташа қуаттылығы 125 қоректендіру блогына тең электр энергиясын беруге қабілетті электр генераторы көзделген.

Оқу-жаттығудың практикалық бөлігіне жеке құрамнан 216 адам қатысты, 162 бірлік техника, оның ішінде 2 тікұшақ жұмылдырылды.

Оқу-жаттығудың жоспары бойынша ҚР ТЖМ министрі орталық мемлекеттік органдардың жедел топтар басшыларының, облыстар, Астана және Алматы қалалары ТЖ жөніндегі комиссия төрағаларының басқару органдары, күштер мен құралдар әзірлігі туралы баяндамаларын тыңдады.