Қыс айының алғашқы күндері күн жылы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1-3 желтоқсан аралығында еліміздің басым бөлігінде күн жылы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
None
None

Күнтізбе бойынша қыстың алғашқы айы келіп жетсе де, күздің жылуы әлі қайта қойған жоқ. Демалыс күндері ауа температурасы Қазақстан аумағында климаттық нормадан 3-8º, атап айтқанда, солтүстік және шығыс облыстарда 9-13º жоғары болды. Республика аумағының көптеген бөлігінде ауа райын айқындайтын антициклон жақын арадағы үш тәулікте ақырындап шығысқа қарай ауысады.

Оның соңынан Поволжья аудандарынан және Каспий теңізінің оңтүстігінен атмосфералық фронттары бар циклондар келе бастайды. Олар батыс аудандарда және одан әрі оңтүстік, орталық және солтүстікте жаңбыр, қар, көктайғақ тудырады.

Ауа температурасы анағұрлым төмендейді, бірақ нормадан 2-7º жоғары сақталады.

Соңғы жаңалықтар