«Қыс болмайды» деген қырғыз президент сайлауына түспекші
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тағы бір президенттікке үміткер Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясына өтініш берді, деп хабарлайды 24.kg .
Қырғыз Республикасы ОСК-нің мәліметі бойынша, президенттікке төртінші үміткер ретінде Арстанбек Абдылдаев өтініш тапсырды.
49 жастағы Арстанбек Абдылдаев - «Айрдин» жауапкершілігі шектелген қоғамдастықтың директоры. Алайда, ол жұртшылыққа 2011 жылдың қараша айында «Қыс болмайды» деп мәлімдегені үшін танымал болды.