Қыс мезгіліне өтер тұста адамның көңіл күйі нашарлайды - ғалымдар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Психологтар тобы күйзеліске түскен адамдарға бақылау жүргізді, бір қызығы, көңіл-күйдің нашарлауы жаздан қысқы кезеңге өту кезінде көп орын алған. Орхусск университетінің клиникалық медицина департаментінің ғылыми мамандары пессимистік көңіл-күй ауа райының нашарлауымен қатар жүретінін хабарлады.

Қыс мезгіліне өтер тұста адамның көңіл күйі нашарлайды - ғалымдар

185 мың адамға талдау жүргізілді. Олар депрессиялық жағдаймен маманға жүгінген.

Нәтиже осындай жағдайлар сағат ауысқаннан кейін 8 пайызға ұлғаятынын көрсетті, бұл деректер 1995-2012 жылдар аралығында зерделенді.

Сарапшылар бұл қиындықтар кездейсоқ емес екенін, анық көрініп тұрғанын хабарлады.

Мамандар сондай-ақ оның ықтимал себептерін де көрсетті. Теріс психологиялық әсер қараңғы, суық күндері туындайды. Негізінен, адам таңертең қараңғыда жұмысқа шығып, кешкі қараңғыда үйлеріне келеді. Басқа себеп табылған жоқ.