Қышқыл жаңбырлар орасан зор апатқа соқтырды
АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат - Қышқыл жаңбырлар 252 млн жыл бұрын барлық дерлік өсімдіктер мен жануарлардың жойылуының себебі болуы мүмкін.
Массачусетск технологиялық университетінің ғалымдары осындай шешімге келіп отыр. Жаппай қырылу Перм кезеңінде Палеозой эрасында болып, апаттар тарихындағы аса ірілерінің біріне айналды.
Жалпы тіршіліктің жойылуына қатысты әлі нақты бір шешім жоқ. Бір мәліметтер бойынша, астероидтың жерге құлауы 186 млн жыл бұрын динозаврлардың жойылуына соқтырған. Екінші бір дерек бойынша, теңіздегі ауа деңгейінің күрт төмендеуі әсер еткен. Үшінші болжамға сәйкес, апаттың орын алуына жоғары тектоникалық белсенділік пен жанартаулардың атылуы себеп болса керек.
Массачусетск технологиялық университетінің мамандары бірнеше климаттық үлгі жасаған. Оның барысында жанартаулардың көптеген бөлігі түрлі заттарды сыртқа шығаратыны анықталды. Тәжірибе көрсеткендей, жанартаудың атқылау деңгейінің күштілігі сондай, қышқыл жаңбырлар толығымен Солтүстік жарты шарды жабуы мүмкін, деп хабарлады utro.ru.