Қысқа мерзімде еліміз бойынша тұрғын үй инспекцияларын құру керек - Ө. Шөкеев
АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қалаларда тұрғын үй инспекцияларын құруды жетелдетудің қажеттілігі облыстарда дұрыс атқарылмай жатыр.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Заңның қабылданғанына қарамастан, қалаларда тұрғын үй инспекцияларын құруды жеделдетудің қажеттілігі облыстарда дұрыс түсіністік таппай отыр. Атап айтқанда, онда белгілі бір реформалар іске асырылуы тиіс. Бұл инспекцияларсыз бұдан ары қарай тұрғын үй жәрдемақылары есептелінбейді»,- деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.
Осыған байланысты Ө. Шөкеев Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі аталған мәселе бойынша барлық әкімдермен тиісті шараларды атқарып, қысқа мерзімнің ішінде еліміз бойынша осы тұрғын үй инспекцияларын құруы керектігін атап өтті.