Қысқа мерзімді экономикалық индикатор өсімі 102,7 пайызды құрады

АСТАНА.  15 қазан. ҚазАқпарат -  Биылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3536,4 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 3,3 пайызға артық. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінде мәлім болды.
None
None

Атап айтқанда, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,7 пайызды құрады. Бұдан бөлек, аталған мерзімде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 12086,1 млрд. теңгені құрады. Бұл 2011 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда, 0,5 пайызға артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі өткен жылдың деңгейінде сақталды.

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 0,6 пайызға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру 4,4 пайызға артты.

Сондай-ақ, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөліністі бақылауда өндіріс 7,2 пайызға төмендеді.

Соңғы жаңалықтар